Павлодар ауданында 69 мәдениет қызметкеріне 28 млн теңге қарыз өтелді

271

Берешекке байланысты жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Павлодар ауданында 69 мәдениет қызметкеріне 28 млн теңге қарыз өтелді Фото: uralskweek.kz

Павлодар ауданында прокурордың тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен өткен көшпелі кездесуінде мәдениет үйі қызметкерлерінің еңбек құқықтарына қатысты заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында бухгалтерлік есептегі кемшіліктер салдарынан 69 қызметкер үшін міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және басқа да төлемдердің уақытылы аударылмағаны белгілі болды. Берешектің жалпы сомасы 28 млн теңгеден асты.

Прокуратураның ұсынымы қаралғаннан кейін қызметкерлер алдындағы берешек толық өтелді.

Заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу