Палодар облысы орталығы аумағының соңғы өзгертуіне байланысты Павлодарское ауылына кетіп қалған Жетекші ауылының 193 гектары облыс орталығына кері қайтарылады. Бұл жөнінде Павлодар қалалық мәслихаты қала құрылысы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Бұқпанов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Спикердің түсіндіруінше, 2012 жылдың қазан-желтоқсанында "Азаматтарға Үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес мекемесінің Павлодар облысы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық бақылау департаменті Павлодар қаласы бойынша сыртқы шекараны бекіткен. Осыған сәйкес облыс орталығының аумағы 63 мың 319 гектарға жетті.
"Павлодар қаласының бекітілген жоспарына сәйкес Жетекші ауылының батыс жағындағы 193 гектар жер қала аумағына кірмей қалды, - деді Ержан Бұқанов. – Бұл ауыл тұрығандары арасында әлеуметтік мәселелер тудырды. Соның ішінде жер телімдерін рәсімдеуге де кедергі келтірді".
Бөлім басшысының айтуынша, бүнгі күнге дейін жер Павлодарское ауылының қарамағында болған. Ал, бұл ауыл Павлодар ауданының орталығы болады деген жоспарда бар. Сәйкесінше, облыс орталығынан емес, облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Сол себепті 193 га жерді қала бағынысына өткізу шешімі шықты. Енді бұл жер телімі қайтадан Жетекші аумағына кіреді. Осылайша, қаланың жаңа шекарасы жер кадасторының есептік мәліметтері мен облыс орталығының нақты шекарасына сәйкестіріледі.