Павлодар ауданының әкімі 160 мемлекеттік қызметшіні мұздай суға түсуге шақырды

857

Павлодар ауданының әкімі 160 мемлекеттік қызметшіні мұздай суға түсуге шақырды

Павлодар ауданының әкімі Александр Бабенко ауыдан әкімдігінің қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдерін 19 қаңтар күні христиандардың діни рәсімін орындау үшін бірге суға шомылуға шақырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Діни рәсімді орындау кезінде мұздай суға түсуді аудан әкімі осыдан үш жыл бұрын бастаған. Әкімнің бұл дәстүрін әйелі де құптайды.

"Ойық мұзға шомылу  адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Дененің барлық организмі күшейіп, энергиясы артады. Осындай діни рәсім кезінде ауа райдың суықтығына қарамастан суға шомылып, содан суық тиіпті дегенді әлі естімедім.  Керісінше, бұдан кейін көп уақыт ауырмайсыз", – дейді Александр Бабенко.

Айта кету керек, Павлодар ауданында қазіргі таңда 160 адам мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу