Павлодар ауданының орталығы анықталды

956

Павлодар ауданының орталығы анықталды

Павлодар ауданының әкімі Александр Бабенконың Красноармейка ауылында өткен есептік кездесуінде тұрғындар аудан орталығының жоқтығы туралы мәселені қайта көтерді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Баяндамасын аяқтаған аудан әкімі халықтың өтініштері мен сауалдарына жауап беруге дайын екендігін айтқан сәтте ел азаматтары түйіткілді мәселелерді ортаға сала бастады. 
"Әр ауданның өз орталығы бар, - дейді ақсақал Жоламан Қыстаубай. – Мәселен, Лебяжіде – Аққу, Качирде – Тереңкөл, Май ауданында – Көктөбе, біз ғана орталықсыз жүрген. Бұрын аудан үшін салынған емханада қиындықтар туындамайтын, ал қазір ауыра қалсақ, қаланың ауруханаларына жүгініп, бір жерден екінші жерге жетумен әлекпіз. Бізді осындай әбігерге салмау үшін алдымен аудан ортылығы туралы мәселені шешкен дұрыс деп ойлаймын". 
Кездесуге қатысқан облыс әкімі Болат Бақауов Павлодар ауданының орталығы Павлодарское ауылы болатынын атап өтті.
"Біз барлық жағдайды, әсіресе ауылдағы коммуникация жүйесінің жағдайын ескердік, - дейді аймақ басшысы. – Қазір жобалау жұмыстары жүріп жатыр, екі жылдың ішінде ауылды облыс орталығынан шығарумен және құрылыс жұмыстарымен айналысамыз".
Болат Бақауовтың айтуынша, бүгінгі таңда Павлодарское ауылында алты мыңға жуық адам тұрады. Болашақта халық санын 10-12 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу