Павлодардағы әуежай 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға байланысты жабылады. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"1 сәуір мен 1 қараша аралығында әуежайда ұшу-қону жолағын кеңейтумен бірге қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты барлық бағыттар бойынша әуе қатынасы тоқтатылды", – делінген мәлімдемеде.
2025 жылдың қаңтарында Көлік министрлігі Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы туралы хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу