Павлодар әуежайына айыппұл салынды

176

 Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде белгілі болды.

Павлодар әуежайына айыппұл салынды Фото: pavlodar.aeroport

Павлодар әуежайына сұратылған ақпаратты ұсынбағаны үшін 600 мың теңгеден аса айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Ведомство басшысының орынбасары Қуат Өтеуовтің сөзінше, "Павлодар әуежайы" АҚ-ға қатысты аэровокзал аумағында сауда алаңдарын жалға беруге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде үстемдікті асыра сілтеп пайдалану белгілері бойынша тергеу жүргізілген. Тергеу Кәсіпкерлік кодекстің 224-бабы негізінде тоқтатылған.

11 сәуір күні жүргізіліп жатқан тергеу шеңберінде сұратылған ақпаратты ұсынбау фактісі бойынша" Павлодар әуежайы" АҚ 664 560 теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Қуат Өтеуов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу