Павлодар аумағында заңсыз күзет қызметі тоқтатылды

213

Заңсыз күзет қызметінен түскен табыс ұйымдастырушыларға 200 млн теңгеден астам табыс әкелді. 

Павлодар аумағында заңсыз күзет қызметі тоқтатылды Фото: Polisia.kz

 

Павлодар облысында ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жедел уәкілдері қаланың ойын-сауық мекемелерінде рұқсат құжаттарынсыз қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фейс-бақылау бойынша заңсыз күзет қызметін жүзеге асырған Павлодар қаласының тұрғындарын анықтап, ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Тергеу барысында қатысушылардың қаланың 12 ойын-сауық орындарында заңсыз күзет қызметін ұйымдастырғаны анықталды. Онда олар маргиналдық жастар қатарынан, спорттық дайындықтан өткен, біліктілік талаптары жоқ, күзет ретінде жұмысты жүзеге асыру үшін жас жігіттерді жинаған, еңбек шарттары жасалмаған. Заңсыз күзет қызметі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Өңірде ең көп баратын 12 ойын-сауық мекемесіне тексеру жүргізу барысында күзет қызметін жүзеге асыратын 30-ға жуық адам, оның ішінде заңсыз күзет агенттігінің ұйымдастырушылары полицияға жеткізілді.

Полицияның пайымдауынша, заңсыз күзет қызметінен түскен табыс ұйымдастырушыларға 200 млн теңгеден астам табыс әкелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу