Павлодар ауылының бүлдіршіндері ЭКСПО-ны балабақшада тамашалады

967

Павлодар ауылының бүлдіршіндері ЭКСПО-ны балабақшада тамашалады

Павлодар ауылындағы балабақшада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған шағын көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Балабақша тәрбиешісі Дана Жанкаринованың айтуынша, көрмеге 3-5 жас аралығындағы сәбилер қатысып, тәрбиешілер мен балалардың қолдан жасаған ЭКСПО ғимараттарының макеттерін тамашалады.
"Көрмеге Қытай, Ресей, Германия, Жапония, Түркия және Қазақстан павильондарын жасақтап, сол елдерге тән ерекше құндылықиарына, тарихына, салт-дәстүрлеріне қатысты мәліметтерді қойдық. Сондай-ақ балаларға "Болашақ энергия" тақырыбында мағлұмат беріп, жасыл энергия көзінің Қазақстанға пайдасы туралы айтылды", - дейді тәрбиеші.
Көрме соңында балабақша тәрбиеленушілері де өнер көрсетті. Сонымен қатар, ЭКСПО көрмесі туралы өз қиялдарын қылқаламмен қағаз бетіне түсіріп, үздік авторлар марапатталды. Айта кетерлігі, Павлодар ауылындағы балабақшада 150-ден астам бала тәрбиеленіп, 40-тан астам маман жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу