Павлодар билігі Төреғали Төреәліні ресми іс-шараларға шақыртудан бас тартады

915

Павлодар билігі Төреғали Төреәліні ресми іс-шараларға шақыртудан бас тартады

Жуырда Павлодарда орын алған жағдайға байланысты, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қазақстандық әртісті өңірде өтетін ресми іс-шарларға шақыртудан бас тарту туралы шешім шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Ведомствада 21 желтоқсанда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен концерттегі Төреғали Төреәлінің мінез-құлқы орынсыз деп танылды. Сондықтан шенеуніктер жуық арада әншімен байланыс орнатпайды.

"Біз Павлодардағы әр мерекеде қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуіне мүмкіндік беріп, жиі ресми шақыртулар жіберіп тұрамыз, – дейді облыстық мәдениет басқармасынан. - Сөз жоқ, біз облысымызда жеке ұйымдастырушылардың тарапынан өтетін коммерциялық концерттерге бақылау жүргізе алмаймыз. Ал мемлекеттік мекемелер өткізетін салтанатты шараларға Төреғали Төреәлі шақырылмайтын болады".
Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде Төреғали Төреәлінің бір көрерменмен әдепсіз түрде сөйлескен видеосы талқылануда.
Казнет қолданушыларының пікірінше, әртіс өз аудиториясына сыйластық танытпаған. Шу көтерілгеннен кейін әртіс желіге шығып Instagram арқылы тікелей эфирде тыңдармандарына мән-жайды түсіндіруге тырысты. Ол залдағы белгілі бір азаматтың айғайы арқылы намысына тигендігін жеткізіп, болған жағдай үшін кешірім сұрады. Сонымен қатар, Төреғали болашақта ол азаматты жолықтыратын болса, кешірім сұрайтындығына уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу