Павлодар дәріханаларына 17 мың қаптама парацетомол түсті

807

Әкімдік 1,5 млрд теңгенің дәрісіне қосымша тапсырыс берген.

Павлодар дәріханаларына 17 мың қаптама парацетомол түсті

COVID-19 індеті өршіген сайын Павлодар облысында да "Парацетомол" тапшылығы айқын сезілуде. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов тапшылықты қалай шешіп жатқанын онлайн брфинг барысында айтты.

"Осы сағаттағы жағдай бойынша Падодар облысында  инфекция жұқтырудың 1460 жағдайы тіркелді. 532 адам  сауығып, 14 адам қайтыс болды. Пневманиямен  ауыратын 2194 науқас қазір провизорлық стационарда емделуде. Аурудың жеңіл және орташа формасымен 1644 науқас амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Облыс бойынша провизорлық төсек саны – 3462. Өңірдегі медициналық ұйымдарда 108 жасанды өкпе аппараты бар. Оның 65-і инфекциялық және провизорлық стационарларда қолданылып жатыр. Жақында тағы 33 апапарат әкелінеді. Оған қоса 226 оттегімен қамтамасыз ету орны бар. Тағы 155 орынға осындай қондырғы қою туралы шешім қабылданды. Осы арқылы олардың жалпы санын 400-ден асыру көзделген", – деді Әбілқайыр Сқақов дәрі іздеп шлуаған елдің арынын басу үшін қосымша 1,5 млрд теңге бөлгендерін айтты.

"Стационарлар мен дәріханалардағы дәрі тапшылығына келетін болсақ, медициналық ұйымдар алдын ала жасалған келісімшарттар бойынша дәрі алып жатыр. Қосымша 1,5 млрд теңгенің дәрісіне тапсырыс берілген. Оның көбі антибиоткитер, қан ұюяға қарсы препараттар және гормондар. Яғни 33 аталымды дәрі жедел тәртіппен сатып алынып жатыр. Дәріханалар бойынша айтсақ, бүгін Павлодарға 17 мың қаптама "Парацетомол" мен 6,5 мың флакон "Цефтриаксон" әкелінді. Ертең Ақсу, Екібастұз қалалары мен аудандар дәрі-дәрмек алады. Ертең-ақ, дистрибьютерлер 10 мың қаптама "Аспирин" мен құрама парацетомол, антибиотик таблеткалар, егуге арналған және вирусқа қарсы препараттар алады. 
"Биосфера" ЖШС  жұмаға қарай жаңа дәрілер келеді деп күтіп отыр. Сонда дәріхана қоймаларына 16 мың қаптама антибиотик, 5 мың қаптама вирусқа қарсы дәрі,  симптомды науқастарға арналған 8 мың қаптама ыстық түсіргіш дәрі түседі. Құқық қорғау органдары дәріні алып сатқан 11 жағдайды тіркеді", – деді облыс басшысы.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу