Павлодар денсаулық сақтау басқармасы мерзімі өткен вакцина салу дерегін жоққа шығарды

389

Аталған дерек бойынша арнайы комиссия құрылған.

Павлодар денсаулық сақтау басқармасы мерзімі өткен вакцина салу дерегін жоққа шығарды Фото: inbusiness.kz

Павлодар облысында балаларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакцина салу дерегіне қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басқарма өкілдері аталған ақпарат бойынша арнайы комиссия құрылғанын, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өткен вакциналардың болмағанын мәлімдеді.

"Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған қоймасынан жарамдылық мерзімі өткен вакциналар облыстың медициналық ұйымдарына берілмеген. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізілуде. Тексеру аяқталғаннан кейін, екпе жұмыстарының немқұрайлықпен жүргізілгендігі анықталған жағдайда, жауапты адамдарға қатысты сәйкесінше іс-шаралар қабылданатын болады", - делінген басқарма жауабында. 

Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының мекенжайына өткізілген тексеріс қорытындылары бойынша актілер келіп түспегені айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу