"Павлодар" футбол клубы "Ertis"-ті алмастырмайды

838

Жаңа клуб әзірше "қағаз" жүзінде ғана құрылған.  

"Павлодар" футбол клубы "Ertis"-ті алмастырмайды

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында "Ertis" клубы жабылып, оның орнына "Павлодар" футбол клубы құрылды" деген ақпарат тараған еді. Бірақ, бұл ресми ақпарат емес-тін. Ақпараттың рас-өтірігін білу үшін Павлодар облыстық дене тәрбиесі және спортты дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Есембаевқа хабарласқан едік.

"Иә, клубтың бұған дейін құрылғаны рас. Клуб заңды тұлға ретінде "қағаз жүзінде" ғана бар. Болды. Әзірше, жоспар, стратегия деген жоқ. Қаржыландыру мәселесі де шешілмеді", – деді Нұрлан Есембаев.

Ол облыс билігі биылғы премьер-лиганы бастамай жатып аяқтаған "Ertis" футбол клубын сақтап қалуға тырысатынын айтты.

"Жаңа клуб "Ertis"-тің орнын баспайды", – деп нақтылады басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Нұрлан Есембаев жаңа клуб "Ertis"-тің қарызға батқаны туралы белгілі болғанда ғана құрылған. Жаңа клуб 50 жылдан астам тарихы бар "Ertis"-ті сақтап қалудың бір сценариі ретінде қарастырылған.

"Ол "қағаз жүзінде" ғана болғандықтан, ешқайда тіркелмеген. Ешқандай ресурсы жоқ. Біз "Ertis"-ті сақтау үші бұл сценариді таңдаған жоқпыз", – деді Нұрлан Есембаев.

Еске сала кетейік, мамыр айының соңында қаржылық проблемаларға байланысты "Ertis" футбол клубы Қазақстан чемпионатына қатысуын тоқтатқан болатын. Клубтың жалпы қарызы 3,6 млрд теңгені құрап отыр.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу