Павлодар іргесінен ірі көлік-логистика орталығы салынады

878

Павлодар іргесінен ірі көлік-логистика орталығы салынады

Павлодар қаласына іргелес орналасқан Кенжекөл ауылында жаңа сапаржай салу жоспарда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, сапаржайды әуе қалашығы аумағында тұрғызу көзделіп отыр.

"Көпір өткелінің ашылуымен болашақта Өскемен өңірінен, Қытай елінен тауар тиеген көліктер ағыла бастайды. Сондай-ақ, біздің жақтан Астанаға қатынайтындар бар. Сондықтан осы жерде ірі көлік-логистика орталығы пайда болады", – деді ол.

Айта кетерлігі, соңғы жылдары Кенжекөл ауылы тұрғындарының саны біршама артқан. Бүгінде мұндағы адам саны – 7418.

Еске сала кетейік, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі Павлодар және Ақсу қалаларын қосады. Аталмыш нысаны Астана – Павлодар – Семей – Қалбатау – Өскемен қалалары арқылы Қазақстанның орталығы және Ресей елінің көршілес өңірлерімен байланыстыратын ауқымды республикалық Орталық-Шығыс бағытындағы транзиттік әлеуетті дамыту жобасының бір бөлігі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу