Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

508

Бұл туралы Антикор хабарлады. 

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ағымдағы жылдың 15 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында кәсіпкерден пара алды деген күдікпен жолдарды жөндеудегі мемлекеттік сатып алу шартындағы орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ұсталды.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті Павлодар қ. ПБ УҰИ-на қамауға алынды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу