Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қатаң сөгіс алды

495

Павлодар қаласы әкімдігінің шенділері шулатудан шаршамайтын болды.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қатаң сөгіс алды Фото: zaim-inkar.kz

Бұл жолы шаһар басшысының жер қатынастары саласына жауапты орынбасары қатаң сөгіс алды. Онымен бірге, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, сондай-ақ жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі тәртіптік жазаға тартылды. 

Антикор анықтағандай, шенеуніктер жер телімдерін заңсыз берген. Бүгінгі таңда 2 учаске кері қайтарылды. Осыдан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті  Павлодар қаласының әкіміне лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту бойынша нұсқаулық берген. 

"Сондай-ақ, әкімдік біздің ұсынысымызды қарау барысында кейбір жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды. Және де жер учаскесін беру кезінде немесе мерзімін ұзартарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытындағы басқа да түзетулер енгізілді", – дейді СЖҚІҚ департаменті тергеу басқармасының бастығы Рүстем Тайтуллеев.

Айта кетерлігі, бұған дейін Павлодар қаласы әкімінің тағы бір орынбасары Арслан Қалияқбаров аса ірі көлемде пара алу кезінде қолға түскен. Қазір оған қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сондай-ақ, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы мен Павлодар қаласы әкімінің көмекшісі де жемқорлыққа жол берген. Соңғы екеуі тергеу барысында процесуалдық келісімге келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу