Павлодар қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

833

Қала әкімінің өкімімен Дархан Сақанов қала басшысының коммуналдық және жер мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Павлодар қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Дархан Сақанов Павлодар қаласы әкімінің коммуналдық және жер мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Дархан Қуандықұлы 1981 жылы туған.

Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі, инженер-құрылысшы мамандығы бойынша жоғары білім бар.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келе жатқанына 7 жылдан асқан. Еңбек жолын "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ-да бастады.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде, "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ және Инвестициялар және даму министрлігінде жұмыс істеді.

2019 жылдың қыркүйегінде "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" бас директорының орынбасары болып тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу