Павлодар қаласында 922 көпқабатты тұрғын үйге әлі жылу берілген жоқ

926

Жылу маусымына 681 тұрғын үй ғана дайын болып шықты.   

Павлодар қаласында 922 көпқабатты тұрғын үйге әлі жылу берілген жоқ

Павлодар қаласында жылыту маусымы 16 қыркүйекте басталды. Осы уақыт аралығында 206 әлеуметтік нысан жылу желілеріне қосылды. Тек бес балабақша жеке қазандық есебінен жылытуды жөн көріпті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ал баспаналарды жылумен қамтуда қиындық бар. "Павлодар жылу желілері" ЖШС бас инженерінің орынбасары Павел Плетухов облыс орталығындағы 1249 көпқабатты тұрғын үйдің 681-і ғана жылу маусымына 100% дайындалғанын айтты.

"Павлодар қаласындағы баспаналарға 23 қыркүйекте жылу беріле бастады. Екі күн ішінде 327 көпқабатты тұрғын үй орталық құбырға қосылды. Қалған 922 үй айдың соңына дейін жылытылады", - деді Павел Плетухов.

Монополист компания дайындық актілерін алмаған пәтер иелері кооперативтері мен жеке секторға ең соңында жылу беруді жоспарлап отыр.

Ал биыл қолданысқа тапсырылған Сарыарқа, Достық шағын аудандарындағы жаңа үйлерге жылудың қашан жететіні әзірше белгісіз. Өйткені мұндағы жылу желілері ешқандай мекеменің балансында жоқ. Жергілікті құрылыс бөлімі мен қызмет көрсетуші компаниялар арасында тиісті келісімшарттар жасалмаған. Сондықтан бұл аудандардағы бірнеше көпқабатты баспананың тұрғындарына құжаттарды ресімдеу жұмыстарының жүргізілуін күтуге тура келеді.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу