Павлодар қаласында жол белгілерін орнатуға былтырғыдан үш есе көп қаржы қаралды

1260

Павлодар қаласында жол белгілерін орнату мақсатында бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі былтырғыдан үш есеге өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар қаласында жол белгілерін орнатуға былтырғыдан үш есе көп қаржы қаралды

Өткен жылы облыс орталығының әкімдігі бұл мақсатқа 11 млн теңге жұмсаса, биыл 36 млн теңге қарастырып отыр.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Араловтың сөзінше, қаржының бірден бірнеше есеге өсуіне полиция басқармасы тарапынан берілетін ескертулер себеп болған. Сондай-ақ тұрғындардың басым бөлігі жаяу жүргіншілер жолын орнатуды сұрайды. Осы сұраныстарды іске асырып, бұған дейін қойылған жол белгілерін жаңартып, қалпына келтіру үшін мемлекеттік сатып алулар конкурсы жарияланды.

Әзірше қаңтар-ақпан айлары аралығында жаңа белгілерді орнататын мердігер компания анықталды. "Автодорсигнал" ЖШС бұл қызметі үшін 4 млн теңге алмақ. Ал қалған 32 млн 200 мың теңгеге белгілерді қою бойынша қызмет көрсететін компания конкурстан соң белгілі болады.  

Жалпы әкімдіктің хабарлауынша, бір жол белгісін орнату үшін 30-35 мың теңге жұмсалады. Облыс орталығында дәл сондай 7 500 белгі бар. Тұрғындар биыл тағы 250-ін орнатуды сұрап отыр.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу