Павлодар қаласында жұмыссыздық деңгейі 0,4 %-ды құрады

1037

Павлодар қаласында жұмыссыздық деңгейі 0,4 %-ды құрады

2016 жыл қортындысы бойынша Павлодар қаласында жұмыссыздық деңгейі 0,1%-ға төмендеп, жалпы көрсеткіш 0,4%-ды құрады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы халық алдындағы есеп беру жиынында Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов айтты.

"Өткен жылы 3000 жаңа жұмыс орны ашылды. Жастар тәжірибесінен өтуге 328 түлек жіберілді. Қоғамдық жұмысқа 825 азамат тартылып, 626 адам арнайы оқудан өтті. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша 63 нысанда жұмыстар атқарылды. Бизнес бастау үшін 28 микронесие берілді, 40 кәсіпорында 160 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, өтініш білдірген 546 мүгедектің 527-сі жұмыспен қамтылды", - деді шаһар басшысы.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағадарламасының орнына жаңа "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы іске қосылмақ. Еелді-мекендер мен бос орындарға қатысты онлайн тұғырнама жасалады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу