Павлодар қаласындағы №1 автобус паркіне 30 отандық автобус сатып алынбақ

888

Сондай-ақ, "Павлодар автокомбинаты" ЖШС ресейлік "ЛиАЗ" маркалы 14 жаңа автобусты сатып алуды жоспарлауда.

Павлодар қаласындағы №1 автобус паркіне 30 отандық автобус сатып алынбақ

2019 жылдың 1 наурызынан бастап трамвай мен үлкен автобустарда тегін жүру рұқсат етілген 10 санатқа жататын тұрғындар шағын автобустарда да осы мүмкіндікті пайдалана алады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің есептік кездесуінде атап өткендей, биылғы жылы жаңа көліктерді сатып алу арқылы Павлодарда автобустардың 76%-ы жаңартылады.

"Биыл қала көшелеріне жаңа 44 автобус шығады. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында №1 автобус паркіне отандық Ankai маркалы 30 жаңа автобус сатып алынбақ. Оның 20-сы дизельді отынды, ал қалған 10-ы – электробустар. Сондай-ақ, "Павлодар автокомбинаты" ЖШС ресейлік "ЛиАЗ" маркалы 14 жаңа автобусты сатып алуды жоспарлауда", – дейді Әнуар Күмпекеев.

Шаһар басшысының сөзіне сенсек, қаламызда трамвай-автобустық аялдамалар тораптарын құрып, жылы аялдамаларды салу жалғасын табады.

Айта кетерлігі, соңғы бес жыл ішінде негізгі автотасымалдаушы компаниялар 79 жаңа автобус сатып алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу