Павлодар қаласындағы спорт мектебінің төбесі опырылып түсті

797

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. 

Павлодар қаласындағы спорт мектебінің төбесі опырылып түсті

Былтыр ағымдағы жөндеуден өткен "Батыр" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің төбесі құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бүгін сағат 10:00 шамасында балалар бокс залында жаттығып жатқан тұста кенет қатты дауыс шығады. Мұны байқаған қызметкерлер жеткіншектерді бірден далаға алып шығады. Арада бірнеше минут өткен соң залдың төбесі опырылып түсті.

Павлодар облыстық туризмді және дене тәрбиесін дамыту жөніндегі басқарма өкілдері, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. Қазіргі уақытта құрамына төтенше жағдайлар департаменті мен қала құрылысы және жерді бақылау басқармасы қызметкерлері кірген арнайы комиссия құрылып, мәселенің мән-жайын анықтауда.

Айта кетелік, "Батыр" спорт мектебінде 400-ге жуық жеткіншек күн сайын спорттың бірнеше түрі бойынша жаттығады. Өткен жылдың қысында мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, желдету құралдары, терезелер, жылу жүйесі мен жиһаздар жаңартылған еді.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, бұл ғимарат 1984 жылы қолданысқа берілді. Соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілді.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу