Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылды

802

Қала әкімі өзіне берілген жұмысты тыңғылықты атқармаған.

Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылды Фото: gov.kz

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов Павлодар қаласының активімен кеңес өткізді.

"Оның қорытындысы бойынша ол қол астындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны, жобалардың іске асырылуына қажет бақылау жасамағаны, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыруын жасамағаны, қала әкімдігінің Павлодар халқымен байланысын әлсіретені үшін Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыповты қызметінен босату туралы шешім қабылдағанын хабарлады", делінген хабарламада.

Қазір Павлодар әкімі міндетін қала әкімінің орынбасары Қадиша Беготаева атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу