Павлодар кәсіпорыны Ресейге сұйық хлор экспорттауда

902

Жобаға 108 млн доллар инвестиция тартылған.  

Павлодар кәсіпорыны Ресейге сұйық хлор экспорттауда

Павлодар қаласында орналасқан "Каустик" кәсіпорны Ресейге сұйық хлор және тұз қышқылын экспорттауда, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"Каустик" АҚ - қазақстандық және халықаралық сапа талаптарына сәйкес келетін заманауи химиялық өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Ол ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстанда химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және импорт алмастыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде 2011 жылы Павлодардағы арнайы экономикалық аймақта құрылды. Зауыт мембраналық технология бойынша хлор-сілтілі химиялық өнімдер шығарады", – деп жазылған хабарламада. 

Жобаға 108 млн доллар көлемінде инвестиция салынған. 

Бүгінгі таңда аталған кәсіпорын елімізде каустикалық сода, хлор, тұз қышқылы және натрий гипохлоритін өндіретін жалғыз кәсіпорын. Зауыт өнімдері өнеркәсіптің негізгі салаларында және тұрмыстық жағдайда қолданылады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу