Павлодар колониясындағы жылыжайда құлпынайдың алғашқы өнімі жиналды

890

Жылыжайда құлпынайдан басқа қызанақ, аскөк, ақжелкен, пияз, шалғам, лимон, жабайы анар мен раушан өседі. Мұнда өсірілген барлық өнім мекеменің асханасына жіберіледі.

Павлодар колониясындағы жылыжайда құлпынайдың алғашқы өнімі жиналды

Максималды қауіпсіздіктегі АП-162/4 мекемесінде құлпынайдың алғашқы өнімі жиналды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, абақтыда отырған азаматтар жиналған өнімді екіге бөлуге шешім қабылдапты. Бір бөлігін жуырда туған күні болған Валерий есімді азаматқа, екінші бөлігін колониядағы ең жасы үлкен сотталушысы – 71 жастағы Алексейге сыйлаған. 

"Бұл жерде қылмыскер екеніме қарамастан менің жасымды сыйлайды. Шынымды айтсам, көзіме жас үйірілді. Үлкен рахмет", – дейді Алексей. 

Денсаулыққа зиян келтіргені үшін жазасын өтеп жатқан Валерийдің бостандыққа шығуына әлі төрт жылы бар.

"Валерийдің туысқандары жоқ. Оны бостандықта ешкім күтіп отырған жоқ, хат жазып, кездесуге де ешкім келмейді. Ол балалар үйінде өскен, сол кезде ең алғаш қылмыс жасаған. Сотталғандар Валерийге тосын сый жасап, қолдау көрсеткілері келді. Сотталушылардың арасында үнемі бір-біріне деген қайырымды болу туралы әңгімелер жүргіземіз", – дейді мекеме қызметкері Бауыржан Исабаев.

Мекемедегі жылыжай бірнеше жылдан бері жұмыс істейді және істі болғандар сол жерде бағбаншылықпен айналысады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу