Павлодар-Қызылорда тас жолында 45 жолаушысы бар автобус бұзылып қалды

956

Жолаушылар Бозшакөл ауылының жылыту пунктіне эвакуацияланды.

Павлодар-Қызылорда тас жолында 45 жолаушысы бар автобус бұзылып қалды

Павлодар облысы ТЖ департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов мәлімдегендей, 20 қараша күні сағат 05:30-да Екібастұз маңындағы Бозшакөл ауылынан 6 шақырым жерде техникалық ақаулар салдарынан автобус бұзылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Новокузнецк-Шымкент бағытындағы "Setra" маркалы жолаушылар автобусында 45 адам болған. Оның 43-і Тәжікстан азаматы.

"Автобус Павлодар-Қызылорда тас жолының 200 шақырымында бұзылды. Департаментіміздің қызметкерлерінің көмегіен жолаушылар Бозшакөл ауылының жылыту пунктіне эвакуацияланды. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес",– деді Ернұр Өтегенов.

Бұдан басқа, 20 қарашада сағат 04:20-да Павлодар облысының Ақсу қаласына жақын жердегі Павлодар-Қызылорда автожолының 35 шақырымында техникалық ақаулар салдарынан Қарағанды-Омбы бағытындағы "Neoplan" автобусы бұзылған. Ернұр Өтегеновтың айтуынша, автобуста 12 адам болған. Оның төртеуі – Ресей азаматы.

"11 жолаушы Ленин кентінің "Сытый Спутник" жол бойындағы дәмханасына жеткізілді. Жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады. Полиция департаментінің тексерісі нәтижесінде автобуста отын жүйесіндегі ақаулар анықталған",– деді департамент басшысы.

Ертіс өңірінің тас жолдары бойында барлығы 208 жылыту пункті жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында аяз бен желдің күшейіп, дабылды ескерту жарияланды. Құтқарушылар алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу