Павлодар машина жасау зауыты шығарған өнім сынақтан сәтті өтті

2464

Павлодар машина жасау зауыты шығарған өнім сынақтан сәтті өтті

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы "ERG Service" АҚ филиалы – Павлодар машина жасау зауыты көлемі 2,3м3 құйма шөміштер шығара бастады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өнім "Қазхром" ТҰК" АҚ (ол да Еуразиялық Топ құрамында) Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы сынақтан сәтті өтіп, пайдалануға жарамды екенін дәлделеді. Шөміш жалын қызуы 1650-1750°С болатын ферроқорытпа пештерінде металды балқыту мен құюға арналған. Пайдаланылмас бұрын шөміш отқа төзімді шамоттық кірпіштермен қапталады. Өйткені шөміш пен оның қамтамасының материалы жоғары температуралық өңдеуге барынша төзімді болуы шарт. Өз кезегінде бұл апатты жағдайды болдырмауға септігін тигізеді.

Бүгінгі күнге дейін Ақтөбе ферроқорытпа зауытына қажетті көлемі 1,7 м3 құю шүмегі бар 21 шөміштің үшеуі өндірілді. Олар қалыппен бүтін құйылған және дәнекерленген нұсқада әзірленді. Сондай-ақ, көлемі 2,3 м3 екі құю шүмегі бар ірі көлемді тоғыз шөміш жасалды. Жыл соңына дейін осындай өнімнің тағы тоғыз данасын жеткізу көзделіп отыр.

"ERG Service" АҚ құрамына кіргелі бері Павлодар машина жасау зауыты жаңа өнім түрінің алуан түрін меңгерді. Құю шөміштерінен бөлек Ақсу ферроқорытпа зауытына жалпы салмағы 125 тонналық көпблокты шихта қыздырғыш корпусының үш данасын жасап шықты. Агломератты күйежентектеу мен шемкемтастарды күйдіруде пайдаланылатын металлургиялық мақсатттағы арнайы арбалардың сериялық өндірісі іске қосылды. Қазіргі таңда аумағы 10 м3 құю шөміші өндірісіне қажетті конструкторлық әзірлеме дайындалып, тиісті құжаттар бекітілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу