Павлодар медициналық колледж студенттері шәкіртақысын толық түрде ала алмаған

324

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, облыс әкімдігі қарызды өтеу үшін 40 миллион теңгені іздестірді. 

Павлодар медициналық колледж студенттері шәкіртақысын толық түрде ала алмаған Фото: inbusiness.kz

Павлодар облыстық прокуратурасы оқушылар құқықтарының сақталуына жүргізген талдауы медициналық колледж студенттеріне шәкіртақыны, оның өсуін есепке алмай, есептеу фактісін анықтады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мысалы, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап төлемдер мөлшерін арттыру бойынша заңнамалық түзетулер қабылданды.

"Шәкіртақы 10,5 мың теңгеге, 20948-ден 31422-ге дейін ұлғайған. Осыған қарамастан, ағымдағы оқу жылының басынан бері 965 студент ескі мөлшерлеме бойынша шәкіртақы алуды жалғастырған", - делінген хабарламада.  

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, облыс әкімдігі пайда болған қарызды өтеу үшін 40 миллион теңгені іздестірді.

Қазіргі таңда, студенттерге тиесілі барлық сомалар төленді, ал кінәлі адамдар жазаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу