Павлодар мемлекеттік университетінде докторантура ашылды

947

Павлодар мемлекеттік университетінде докторантура ашылды

ҚР білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 22 маусым күнгі № 943 бұйрығына сәйкес С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде "Филология", "Көлік, көліктік техника және технология" мамандықтары бойынша докторантура ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Сонымен қатар, университетке ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау мақсатында "Құқықтану" мамандығы бойынша магистратураға лицензия берілді. Осылайша, бүгінгі күні жоғары оқу орнында алты докторантуралық, 48 магистратуралық мамандықтар бойынша мамандар дайындайды.

Филология мен көліктік техника және технология мамандықтары бойынша докторантураның ашылуы – С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми мектебінің көп жылғы еңбегінің жемісі. Атаулы мамандықтардың профессор-оқытушылар құрамының өкілдері – диссертациялық кеңестердің әрі сарапшылар тобының мүшелері, ҚР БҒМ гранттары мен мемлекеттік мақсатты бағдарламалардың зерттеушілері, магистранттардың ғылыми жетекшілері.

"Құқықтану" мамандығы бойынша магистратура ІІБ мекемелерінің қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық құқық, криминология, криминалистика және жедел іздестіру жұмыстары салаларының ғылыми-педагогикалық мамандарын даярлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу