Павлодар мен Кемерово арасындағы автобус қатынасының наурыз-сәуір айларындағы кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа автобус қатынасының жолға қойылғаны туралы алғаш "Кузбасспассажиравтотранс" кәсіпорнына сілтеме жасай отырып Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеген. Елшіліктің ақпаратына сүйенсек, наурызда 4 рейс, сәуір айында тағы бес рейс жүруге тиіс.
"Кемерово автовокзалынан рейстер 12:05-те, ал Қазақстаннан 14:30-да жолға шығады. Ересектер үшін билеттің бағасы 2260 рубль, балалардың билеті 1130 рубль етіп белгіленді. Жолға кететін уақыт – 15 сағат. Бұрын Павлодарға автобус тек Новосібірден ғана жүретін", – делінген хабарламада.