Павлодар қалалық мешіттері аузы берік жамағатқа ауызашар ұйымдастырып тұру ісін қолға алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Өкіл имам Жолдас Қоспақұлының бастамасы бойынша қалалық мешіттерде ауызашар ұйымдастырып тұру ісі қолға алынып отыр", - дейді ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбай.
Өткен бейсенбі күні алғашқы ауызашар қалалық "Ғазиз" мешітінде басталды. Ауызашарға нәпіл ораза ұстаған қалалық мешіттің жамағаты қатысты. Дастархан басында өкіл имам Жолдас Қоспақұлы жиналған қауымға уағыз-насихат айтты.
"Бұл бастама алдағы уақыттарда әр бейсенбі сайын қалалық "Мәшһүр Жүсіп", "Омар әл-фаруқ", "Әбу Бәкір сыддық", "Ақмешіт" мешіті, "Бижан" мешіттерінде жалғасын тауып, осы ретпен қасиетті Рамазан айына дейін жалғасын табатын болады",- деді өкіл имам.