Павлодар металл өндірісі бойынша үздік үштікке кіреді

738

Мұнда елдегі өнімдердің 16,4 пайызы шығарылады 

Павлодар металл өндірісі бойынша үздік үштікке кіреді

Павлодар облысындағы зауыттар Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарынан кейін өнім көлемі бойынша үшінші орын алады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, биылғы жарты жылда павлодарлық зауыттар 763,1 млрд теңгенің өнімін шығарды. Оның 54,8%-ы қара, 44,6%-ы түрлі түсті металлургия өнімдері болса, қалған 0,5%-ы – металл құймалары.

"Жалпы өңірдегі өндірістік өнеркәсіп саласында металлургия 46,7%-ды, өңдеу өнеркәсібінде 70,5%-ды алады. Жыл басынан бері бұл салаға 40 млрд теңге инвестиция құйылды", – делінген хабарламада.

Бүгінде металлургия өндірісінде облыстың 21 мыңға жуық тұрғыны еңбек етеді. Олардың жалақысы өңір тұрғындарының орташа айлығынан 1,3 есеге көп. Яғни орта есеппен айына 329 182 теңге еңбекақы алады.

Айта кетейік, шілденің үшінші жексенбісі – металлургтер күні. Биыл кәсіби мереке 17 шілдеге тұспа-тұс келіп отыр.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу