Павлодар мұнай-химия зауыты 1 айға жөндеуге жабылады

276

Жөндеу жұмыстары 17 маусымнан басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Павлодар мұнай-химия зауыты 1 айға жөндеуге жабылады Фото: «ҚазМұнайГаз» компаниясы

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшылығының мәліметінше, жоспарлы жөндеу жұмыстары бір айға созылады. 

Осы жылдың алғашқы 5 айында ПМХЗ шамамен 2,5 млн тонна шикізатты қайта өңдеп, шамамен 730 мың тонна бензин, 807 мың тонна дизель өндірді. Битум бойынша өндіріс көлемі 130 мың тонна, мазут бойынша 217 мың тонна, сұйытылған газ бойынша 147 мың тонна, авиаотын бойынша 113 мың тонна болды. Зауыт көптеген көрсеткіш бойынша жоспарды асыра орындады.

"ПМХЗ-ның тұрақты және сенімді атқаратын қызметі ішкі нарықты әлеуметтік маңызды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Қауіпсіздік техникасы талаптарының барлық нормасын сақтай отырып, 2024 жылғы жоспарлы алдын алу жұмыстарын бекітілген мерзімде сапалы жүргізуді қамтамасыз ету қажет", –  деп атап өтті "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов жөндеуді мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігін қарастыруды тапсыра отырып.

 

Болжам бойынша, еліміздегі мол жанар-жағармай қорының қалыптасуына байланысты зауыттың уақытша тоқтауы өңірлерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге әсер етпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу