Павлодар мұнай-химия зауыты 2025 жылғы жоспарлы алдын алу жұмыстарына дайындалып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қысыммен жұмыс істейтін жабдыққа (110 бірліктен астам), сонымен қатар технологиялық құбырларға (930 бірліктен астам) міндетті техникалық куәландыру және сараптама жүргізу жоспарланған", – деп жазылған хабарламада.
Компанияның хабарлауынша, жоспарлы алдын алу жұмыстары ҚР Энергетика министрлігі 2025 жылға бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі. Оған 1100-ден аса адам және мердігер ұйымдардың 107 бірлік техникасы жұмылдырылады. Осы уақыт аралығында ішкі нарықта жанар-жағармай материалдарының тұрақтылығын сақтау және мұнай өнімдерін жөнелтуді қамтамасыз етіледі.
Ол үшін тауар өнімдерінің мынадай қорын жинақтауды жоспарлап отыр:
- жанармай - 50 000 тонна;
- дизель отыны - 25 000 тонна;
- авиакеросин - 7 000 тонна.
Бұл мұнай өнімдерін энергетика министрлігінің жеткізу кестесіне сай ішкі нарыққа жөнелтіп отыратын болады.
Павлодар мұнай-химия зауытындағы жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары мұнай өнімдерін штаттық режимде шығаруды жалғастыра бермек.