Павлодар мұнай-химия зауыты жанармай бағасын негізсіз өсіргені анықталды

758

Сол арқылы шамамен 20 млрд теңгеден астам шығын келтірді.

Павлодар мұнай-химия зауыты жанармай бағасын негізсіз өсіргені анықталды

Павлодарлық кәсіпорын шикі мұнайды өңдеу бағасын бір жыл бойы тым жоғары белгілеп келген. Сол себепті одан дайындалатын мұнай өнімдерінің бағасы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жергілікті бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті Павлодар мұнай-химия зауыты бір тонна мұнайды өңдеу үшін 19 мың теңге алудың орнына 23 мың теңге алып келгенін анықтады.

Мамандардың есептеуінше, сол арқылы компания 22 млрд теңге көлемінде заңсыз табыс тапты. Қазір бұл мәселені әкімшілік сот қарап жатыр.

"Шикі мұнайды өңдеу қызметінің тым қымбат болуы одан дайындалатын өнімдер – жанармай, газ, дизель отынының бағасына әсер етті. Егер әкімшілік сотта кәсіпорынның кінәсі дәлелденсе, заңсыз тапқан 22 млрд теңгені қайтарумен қатар, 6 млрд теңге айыппұл салуы мүмкін. Бұл – заңсыз тапқан табыстың 5%-ы", – дейді департамент басшысы Бейбіт Молдабеков.

Айта кетейік, жақында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Павлодар мұнай-химия зауытына барып, жөндеуден кейінгі жұмыс барысымен танысқан болатын. 28 шілдеде қайтадан өнім шығаруға кірісіп, өнім көлемін 1,5 мың тоннадан 9 мың тоннаға дейін арттырды. Зауыт алдына еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін жиын-терім жұмыстары алдында отынмен қамту міндеті қойылды.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу