1 қазанда барлық технологиялық қондырғыларды жөндеу басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Кәсіпорын басшылығының мәлімдеуінше, жоспарлы істер қазан айының соңына дейін аяқталып, қондырғылар қайта іске қосылуы тиіс.
"Отандық мұнай өңдеу кәсіпорындарының жұмысы жыл сайын ағымдағы жөндеудің жүргізілуіне байланысты тоқтайды. Ал күрделі жөндеу шаралары үш жылда бір рет өтеді. Павлодар мұнай-химия зауытында мұндай жұмыстар соңғы рет 2018 жылы жүргізілген болатын", – дейді кәсіпорын өкілдері.
Биыл зауыттағы құрылғыларды жөндеу ісі екі рет кейінге шегерілген еді. Жоспарлы жөндеуді бастау мерзімі алдымен шілдеден қыркүйекке, кейін қыркүйектен қазанға ауыстырылды. Оның басты себебі ішкі нарықта дизельді отын балансын сақтау. Яғни ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жұмысы қызған шақта оларды жергілікті өніммен қамтуға басымдық берілді.
Ажар Дәулетова