Павлодар мұнай-химия зауытында кезекті жөндеу жұмыстары аяқталды

796

Кәсіпорын аумағында бірнеше заманауи құрылғы бой көтерді.

Павлодар мұнай-химия зауытында кезекті жөндеу жұмыстары аяқталды

Павлодар мұнай-химия зауытында кезекті жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды 24.kz.
Ауыл шаруашылығы саласын арзандатылған жанар-жағармаймен қамтитын кәсіпорын толыққанды жұмыс істеп тұр. Мамандардың хабарлауынша, жөндеу үрдісі бұрынғыдай бір ай емес, 15 күнге созылған. Ал зауытта жүргізілген жаңғырту жұмыстары өндірістік қуаттылықты арттыруға мүмкіндік берді.

Кәсіпорын аумағында бірнеше заманауи құрылғы бой көтеріп, бұл игілікке 189,5 млрд теңге бөлінді.

Айта кетейік, отандық өндіруші эклогиялық стандартты К-4 жанар-жағармайын шығара бастады. Ішкі нарыққа қажет әуеотыны да өндіріліп жатыр. Жыл соңына дейін 18 мың тонна жанар-жағармай өндіріледі деп күтілуде.

"Жаңа өндірістік жүйелер іске қосылды. Нәтижесінде жөндеу жұмыстарының үш жылдық циклына көштік. Қысқа мерзімді жөндеу жұмыстары шаруаларға арзандатылған жанар-жағармай тасымалдау үрдісіне әсер еткен жоқ. Биылғы жылы ашық түсті сұйық отын өндірісінің көлемі 30%-ға артты", - дейді Павлодар мұнай-химия зауытының департамент басшысы Алексей Аникин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу