Павлодар мұнай-химия зауытында құқықтық ақпараттандырудың жаңа жүйесі енгізілді

278

Кәсіпорынның 3 мыңнан астам қызметкеріне құқықтық ақпарат күніне екі рет жеткізіледі.  

Павлодар мұнай-химия зауытында құқықтық ақпараттандырудың жаңа жүйесі енгізілді Фото: ЖИ

Павлодар қаласы прокуратурасының бастамасымен Павлодар мұнай-химия зауытында ішкі радиохабар тарату жүйесі арқылы қызметкерлерді орталықтандырылған құқықтық ақпараттандыру жобасы іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа жүйе аясында қызметкерлерге күніне екі рет интернет-алаяқтықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелері, алименттік міндеттемелер, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі және ата-аналардың жауапкершілігі туралы өзекті құқықтық ақпарат ұсынылады.

Бұл формат өндірістік процеске кедергі келтірмей, күн сайын 3 мыңнан астам қызметкерді құқықтық ағартумен қамтуға мүмкіндік береді.

Прокуратураның мәліметінше, мұндай бастамалар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу