Павлодар мұнай-химия зауытында күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Жұмыс кестесін ҚР Энергетика министрлігі бекітті. 

Павлодар мұнай-химия зауытында күрделі жөндеу жұмыстары басталды Фото: Vlast.kz

20 маусым мен 19 шілде аралығында Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысы уақытша тоқтайды.

Кәсіпорында күрделі жөндеу кезінде жүргізілетін жұмыстың негізгі бөлігіне технологиялық жабдықтардың (құбырлар, пештер, бу құбырлары және т.б.) өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық тұрғыдан куәландыру, жөндеу және сараптау кіреді.

Бұл жұмыстарды орындау кезінде зауыттың технологиялық объектілерін пайдалануды толық тоқтату талап етіледі.

Зауыт жұмысы тоқтайтын кезеңге жанармай мен дизель қоры жеткілікті мөлшерде жинақталған (тиісінше 37 мың және 47 мың тонна).

Бұл көлем кәсіпорынды жөндеу кезінде өнімді бірқалыпты жөнелтіп отыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу