ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Павлодар мұнай өңдеу зауытының іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inform.kz.
"Павлодар МӨЗ бүгін іске қосылды. Таңертең бас директорымен сөйлестім, мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы өз жұмысын бастады. Шамамен үш күнде жоғары октанды бензин дайын болуы тиіс", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
АИ-92 маркалы бензиннің жетіспеушілігінен зауыттар АИ-95 шығарылымын азайтты. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бұл мәселе қараша айында реттеледі. Министр сонымен қатар Қазақстанға кеше 64 мың тонна жанармай импортталғанын да хабарлады. Қазан айының соңына дейін ел аумағына тағы 100 мың тонна бензин жеткізілмек екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу