Павлодар мұнай зауытында жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын

767

Павлодар мұнай зауытында жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын

Павлодар мұнай-химия зауыты Аи-80 маркалы жанармайы өндірісін толықтай тоқтатпақ. Экологиялық класты жоғары октанды К-4, К-5 автокөлік бензинін алу үшін осылай істеуге тура келеді. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың Керекуге осы кəсіпорынды жаңғырту барысымен танысу үшін жасаған сапарында белгілі болды.

Министрдің айтуынша, жаңғырту аяқталғаннан кейін жоғары сапалы Аи-92, 95 бензинін шығару 297 мың тоннаға дейін артады. Сондай-ақ, кəсіпорын авиакеросин отынын өндіруді қайта қолға алмақ. Қазіргі уақытта, зауытта жаңа реактивтері Оңтүстік Кореядан жеткізілген жаңа екі қондырғыны жаңғырту бітті. Олар іске қосылғаннан кейін кəсіпорынның өндіріс қуаты 5 млн тоннадан 7,5 млн тоннаға дейін артпақ.

Жалпы, зауытты жаңғырту мəселесі қыркүйек-қарашаға жоспарланған. Айта кетсек, 2011 жылы басталған Павлодар мұнай өңдеу зауытын жаңғырту биылғы тамызда аяқталуы керек болған.

Автор: Жалғас Зейнолла

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу