Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы бас бостандығынан айырылды

1089

Үш миллион теңге парамен ұсталған Ораз Мұқашев, алдағы үш жыл өмірін абақтыда өткізеді.  

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы бас бостандығынан айырылды

Дәрігерлер жаппай коронавируспен күресіп жатқанда Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Сондай-ақ ол өмір бақи мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Кереку өңірінің бас дәрігері өткен жылдың маусым айында тұтқындалған болатын. Ол әлдебір компанияның мемлекеттік сатып алу тендерін жеңіп алуына жол ашу үшін, кәсіпкерден қомақты қаржы талап еткен. Екі ай бұрын сот процесі басталғанда прокурор оның айыбын "алаяқтық" бабына ауыстыруды сұраған еді.

Алайда, сот онымен келіспей, жемқорлық фактісімен істі қарады. Наурыз айының басында тергеу изоляторында жатқан Мұқашевтың жүрегі сыр беріп, облыстық кардиологиялық орталыққа жеткізілген болатын. Айыпталушының адвокаттары сот үкімімен келіспейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу