Павлодар облысы әкімінің орынбасары екі баласы бар ананы зорлағаны рас па?

558

Шенеунік өзіне жала жабылды деп есептейді. 

Павлодар облысы әкімінің орынбасары екі баласы бар ананы зорлағаны рас па? Фото: gov.kz

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарын бопсалау бойынша қозғалған іс сотқа жіберілді. Қылмыстық істің қозғалуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың өтініші себеп болған, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Серік Батырғожиновтың өткен жазда екі баланың анасын зорлағаны туралы ақпарат тарап кеткен еді. Лауазым иесі бұл айыптаумен келіспей, әйелді сотқа берді.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша ресми мәлімдеме жасады.

"Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов биылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін денсаулық жағдайына байланысты демалыста. Біздегі ақпарат бойынша Павлодар облысының полиция департаменті жеке тұлға Серік Батырғожиновтың өтінішіне сәйкес бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жәбірленуші тарап - Серік Батырғожинов", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілген. Айыптаушы тараптың ұсынған фактілері тексерілген және расталмаған. Бүгінде іс сотқа жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу