Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

175

Айгүл Маликова мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2008 жылы Павлодар қаласы білім бөлімінің маманы болып бастаған.

Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Асайын Байхановтың өкімімен 2024 жылғы 8 тамыздан бастап Айгүл Қайыртасқызы Маликова Павлодар облысы әкімінің идеология мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол ішкі саясат, мемлекеттік тілді дамыту, дін, мәдениет, білім және спорт салаларына жетекшілік ететін болады.

Айгүл Қайыртасқызы, 1976 жылы туған. "Биология және химия", "Қаржы" мамандықтары бойынша жоғары білімі және саясаттану магистрі дәрежесі бар.

1997-2008 жылдары Павлодар қаласының мектептерінде мұғалім, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2008 жылы Павлодар қаласы білім бөлімінің маманы болып бастады.

2010-2018 жылдары Павлодар қаласының № 20 мектеп-лицейі мен № 17 мектебін басқарды. 2018 жылдан бастап Павлодар облысының Кәсіподақ орталығында, "AMANAT" партиясының ПҚФ, Павлодар қаласының білім бөлімі мен әкімі аппаратында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2023 жылғы сәуірден бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін "AMANAT" партиясының ПОФ атқарушы хатшысы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу