Павлодар облысы Ақсу қаласында кейбір үйлерде су өшіріледі

335

Комсомольская көшесінде диаметрі 200 мм магистральдық су құбырында ақау анықталды, деп жазады inbusiness.kz @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодар облысы Ақсу қаласында кейбір үйлерде су өшіріледі Фото: google

"Ақсу су арнасы" КМК мәліметінше, 2023 жылғы 12 қаңтарда жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін сағат 9:00-ден бастап Ақсу шағын ауданындағы Абай көшесі, 1, 1.1, 1а, 3а, Комсомольская көшесі, 5, 3, 1 және 8 Март көшесі, 2/1, 2 мекенжайлары бойынша үйлер сумен жабдықтаудан ажыратылады.

– Ысырманы ауыстыру кезінде  кейбір үйлерде қысым төмендетіледі. Су тасу ұйымдастырылады, – деп жазылған хабарламада.

Жұмыс барысы туралы 5-00-71 телефоны бойынша ақпарат алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу