Павлодар облысы биыл шетелге 30 тонна қой етін экспорттады

835

Павлодар облысында ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау көлемі 1,7 есеге артқан. Бүгінгі таңда 14 ауылшаруашылық өнімі әлемнің он бір еліне экспортталады. 

Павлодар облысы биыл шетелге 30 тонна қой етін экспорттады

2018 жылы алты айында Павлодар облысынан Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктеріне 30 тонна қой еті экспортталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Былтырғы жылғы бұл бағыттағы көрсеткіш 90 тоннаны құраған. Бұл туралы аймақ басшысы Болат Бақауов облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында мәлім етті.

"Былтырғы жылдан бері қой етін жеткізу бір жолға қойылды. Шілде айынан бастап шет елге апта сайын ет жіберіледі. Жалпы алғанда, ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау көлемі 1,7 есеге артып отыр. Бүгінгі таңда 14 ауылшаруашылық өнімі әлемнің он бір еліне экспортталады. Оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Қытай, Ауғанстан, Иран, Грузия, Украина және Біріккен Араб Әмірліктері бар", - деді Болат Бақауов.

Аймақ басшысының айтуынша, ауылшаруашылық тауарларын қайта өңдеу көлемі алты пайызға артқан. Мұндай нәтиже агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы мен мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асырылды. Ауылшараушылық саласына жалпы барлық қаржы көздерінің есебінен 12 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Биылғы жылы егістік алқаптарын диверсификациялау арқылы қажетті дәнді-дақылдардың көлемі 150 гектарға дейін ұлғайған. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында бес ірі сүт-тауарлы фермасы - "Сергей" ШҚ, "Луганск" ӨК, "Пахарь", "Галицкое" және "Киров" ЖШС мен 18 қайта өңдеу нысаны іске қосылады. Сондай-ақ "Ай Агро", "МТС Жайма" және "Му Feedlot" ЖШС 11 мың басқа арналған үш бордақылау алаңын пайдалануға береді.

"Елбасы жуырда ғана Ертіс өңіріне жасаған жұмыс сапарында негізгі міндеттердің бірі ретінде агралық салаға баса мән беруді тапсырған болатын. Сондықтан бұл бағытта жұмыстар уақытылы және сапалы түрде жүзеге асырлатын болады", - деп түйіндеді сөзін облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу