Павлодар облысы бойынша сот орындаушылардың 30 пайызы қысқартылған

937

Павлодар облысы бойынша сот орындаушылардың 30 пайызы қысқартылған

2017 жылы Павлодар облысы бойынша жұмыс істеген сот орындаушылардың 30%-ы немесе 28 сот орындаушының лауазымдары қысқартуға жатты. Бұл туралы баспасөз жиынында облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Бегім Тасқұлов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"2017 жылы 1-қаңтардағы жағдайы бойынша Павлодар облысы әділет департаменті мемлекеттік сот орындаушылардың штаттық саны 63 бірлікті құраған, - деді Бегім Тасқұлов. - Оның ішінде: басшы-аға сот орындаушылар - 19 және сот орындаушылар – 44. Сонымен қатар кезең-кезеңімен қысқарту жоспарына сәйкес мемлекеттік сот орындаушылардың 25 бірлігі одан әрі қысқарту үшін босатылған. Сот орындаушылардың "С-О-4" санаты бойынша қосымша екі бірлік алынған. ҚР Әділет министрлігінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 437, 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 17 бұйрықтарына сәйкес мемлекеттік сот орындаушылардың 25 бірлігі азайды".

Спикердің айтуынша, былтырғы жылы жоспарланған сот орындаушылардың "С-О-4" санаты 28  бірліктің орнына қысқартуға жататын 30  орын босатылып, тапсырма толық көлемде орындалған.

2018 жылдың 1-қаңтарындағы жағдайы бойынша Павлодар облысы әділет департаменті мемлекеттік сот орындаушылардың штаттық саны 33 бірлікті құрайды. Оның ішінде: басшы-аға сот орындаушылар - 19 және сот орындаушылар – 14.

Биыл мемлекеттік сот орындаушылардың 15%-ы немесе 13 бірлік қысқартуға жатады. Қазіргі таңда департаментте қысқартуға жататын 8 бос бірлік бар. Оның ішінде: екі сот орындаушы, алты басшы-аға сот орындаушы. Штат бойынша қолда бар 14 сот орындаушының "С-О-4" санаты ішінен бүгінгі күнде екі бос орын  қысқартуға жатады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу