Павлодар облысы егіс алқаптарының электронды картасын әзірледі

758

Павлодар облысы егіс алқаптарының электронды картасын әзірледі

Ертіс өңірінде егіс алқаптарының электронды картасын әзірлеу жұмыстары 107 пайызды құрады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Есентай  Мүрсәлімов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Еліміз бойынша агроөндіріс кешенінде цирфландыру жұмыстары  жүріп жатқаны белгілі. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен егіс алқаптарының электронды картасын енгізу  жұмыстарын  біздің аймақ  20-сәуірде  алғашқы болып аяқтаған", - дейді Есентай  Мүрсәлімов.

Спикердің айтуынша, қазіргі таңда тыңайтқыштар жүйесін субсидияландыру автоматтандырылған. Сондықтан егіс алқаптарының электронды картасы болмаса,  шаруалар  тапсырыс берген кезде база өтінішті мақұлдаудан бас тартады.

Фермерлер мұндай жаңашылдықтың арқасында компьютерде немесе смартфон арқылы жеке кабинетке кіріп, өз алқаптарын интернет арқылы қалай бақылау керектігін біледі. Электронды картадан алқаптың температурасын, өнімділігін, қанша өнім жиналғандығын көруге болады.

"Мысалы,  5 620 гектар жер электронды картаға енгізудің нәтижесінде толығымен жан-жағы сызылады. Тыңайтқыштарға өтініш беріледі. Сол жерде арнайы нормативтер бар.  Егер де параметрлер сәйкес келмеген жағдайда өтініші кері қайтарылады. Яғни,  электронды карта жұмысты жеңілдете түседі. Шенеунік пен өтініш берушінің арасында байланыс болмайды", - дейді   Есентай  Мүрсәлімов.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша егіс алқаптарының жалпы көлемі 1 млн 421 мың гектарды құрайды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 12,7 пайызға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу