Павлодар облысы халық санағы бойынша алда келеді

715

Тұрғындардың 70 мыңнан астамы онлайн сауалнамадан өтті.  

Павлодар облысы халық санағы бойынша алда келеді

Елімізде 1 қыркүйекте жалпыұлттық халық санағы басталған болатын. Осы уақыт аралығында Павлодар облысының 71 615 тұрғыны онлайн режимде сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облыстық статистика департаментінің мәліметі бойныша, 1-9 қыркүйекте аймақтың 9,55% тұрғыны жеке деректерін толтырды. Бұл – елдегі ең жоғары көрсеткіш.

"Халық санағына қатысқан 61 575 тұрғын сауалнама толтыру барысында www.sanaq.gov.kz платформасын, 7868 адам www.egov.kz сайтын пайдаланды. Тағы 2172 тұрғын "Аitu" мобильді қосымшасы арқылы сауалнамадан өтті", - деп хабарлайды департамент өкілдері.

Науқанға Павлодар қаласының тұрғындары белсенділік танытуда. 10 күн ішінде 17 235 адам жеке мәліметтерін толтырды. Ал көш соңында Павлодар ауданы тұр. Мұнда тек 1267 адам онлайн санақ сұрақтарына жауап берді.

Ұлттық санақтың бірінші кезеңіне Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов та қатысты. Аймақ басшысы www.sanaq.gov.kz сайтындағы санақ парақтарын толтыру үшін 30 минут қана уақыт жұмсады.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу