Павлодар облысы қайта вакцина алушылар саны бойынша үздік үштікке кірді

620

Елімізде ревакцинация басталды.

Павлодар облысы қайта вакцина алушылар саны бойынша үздік үштікке кірді

Ревакцинацияның алғашқы күні барлығы 181 қазақстандық қайтадан екпе алды. Оның 35-і – Павлодар облысының тұрғындары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Статистикалық мәлімет бойынша, бүгін Нұр-Сұлтан қаласының 39 азаматы вакцина қабылдады. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Екінші орында 35 тұрғыны қайта вакцинацияланған Павлодар облысы тұр. Үздік үштікті 29 азаматы екпе алған Солтүстік Қазақстан облысы түйіндейді.

Павлодар облысында бустерлі дозаны алғашқылардың бірі болып ақпан мен көктемде коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған дәрігерлер, мұғалімдер мен күштік құрылым қызметкерлері алды.

"Ревакцинацияға да егу пунктіне келіп, жазылуға болады. Сонымен қатар "eGov" порталындағы "ревакцинация" қызметін таңдауға мүмкіндік бар", – деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Жалпы осы уақытқа дейін өңірдің 308 746 тұрғыны екпе алды. Бұл – вакцина қабылдайтын азаматтар саны 41,13%-ы. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін тұрғындардың тағы 20%-ы егу пункттеріне баруға тиіс.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу