Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы парамен ұсталды

934

Мемлекеттік қызметшілер 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталып отыр. 

Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы парамен ұсталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ернұр Байғұрмановты, осы департаменттің облыстық басқармасы тергеу бөлімінің басшысы Азамат Бейсембаевты және жедел уәкіл Д.Мағзұмовты ұстады. Мемлекеттік қызметшілер 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері күдікті тұлғаларға қатысты жедел-тергеу шараларын ұйымдастырған. Олардың жұмыс кабинеттерін және тұрғылықты жерлері бойынша тінту жұмыстарын жүргізді. ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлерінің көмегіне "Заман" компаниясының басшысы, өңірге белгілі кәсіпкер Тасболат Абуғожинов жүгінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу